ЖаңалықРедакция таңдауы

Coca Cola – Қазақстандағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі

1886 жылы 8 мамырда АҚШ-тың Джорджия штатының Атланта қаласында тұратын Джон Пембертон есімді фармацевт Coca‑Cola сиропын дайындап, оны Джейкобс дәріханасына алып келеді. Онда олар оның дәмін көріп, оны керемет деп танып, бір стақан үшін 5 цент бағамен құюға сатылымға шығарған. Ал сусынға бұл атауды Пембертонның есепшісі Фрэнк Робинсон беріп, «Coca-Cola» деп каллиграфия (көркем жазу) түрінде жазған. Сол жазу 136 жылдан бері атақты компанияның логотипі саналады.

1888 жылы Coca‑Cola сусынын өндіру құқығын Оса Кендлер (Asa Candler) есімді кәсіпкер сатып алады. Ол сондай-ақ біз бүгін білетін The Coca‑Cola Company компаниясын құрды.

Аталған компания үлкен мөлшерде әртүрлі сусындар шығарады. Егер күн сайын жаңа біреуінің дәмін татып отыратын болса, барлығын бітіру үшін кем дегенде 9 жыл уақыт керек екен. Қазіргі уақытта компанияда 3 500 сусын мен 500 бренд бар. Қазақстан сауда орындары сусынның тек 10 түрімен ғана таныс. Бірақ компанияның флагмандық бренді әрдайым Coca‑Cola бренді болып қала береді-бұл толық рецептін әлемдегі ешқандай адам білмейтін сусын.

Компания өкілдерінің айтуынша, «Coca-Cola» әлемдегі «ОК» сөзінен кейінгі ең танымал сөз көрінеді. Айталық, әлемде 7 миллиардтан астам тұрғын болса, соның 94 пайызы бұл сусынды біледі, басым бөлігі өмірлерінде бір рет болса да «Coca-Cola»-ны ішіп көрген екен.

Coca‑Cola Қазақстанда өз қызметін 1994 жылы бастады, ол кезде ол елде алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі ретінде ресми тіркелген болатын. Сусындары бар алғашқы шөлмектер Түркиядан импортталды, ал 1995 жылдың басында компания Алматы қаласындағы газдалған сусындар өндірісі бойынша жергілікті желіні іске қосты. Бұл Қазақстандағы әлемдегі ең танымал сусынды өндірудің көпжылдық тарихының бастауы болды. Бүгінгі таңда компания өз өнімдерін екі зауытта 13 өндірістік желіде шығарады.

2005 жылы Алматы қаласындағы өндіріс Алматы облысы Береке ауылындағы жаңа зауытқа көшірілді. Екінші зауыт 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылды.

Басқа материалдар

Back to top button