Жаңалық Редакция таңдауы

Орталық Азиядағы ең үлкен каньонның бірін білесіз бе?

«Қазақстанның туристік маршруты» айдарының бүгінгі саны Ақсу өзенінің каньоны жайлы болмақ.

Ақсу өзенінің каньоны- Батыс Тянь-Шань тауларында 1926 жылы құрылған Қазақстандағы ең көне қорық Ақсу-Жабағылы қорығының көрікті жерлерінің бірі. Көлемі бойынша Ақсу Орталық Азиядағы ең үлкен және ең терең каньондардың бірі болып саналады (тереңдігі 300-ден 500 метрге дейін, жоғарғы шеттерінің арасы небәрі 800 метр, ал ұзындығы 30 шақырымнан асады).

Каньонға түсу өте қиын. Күн жылынған кезде ауаның ылғалдылығын қамтамасыз ететін тау өзенінің әсерінен шатқалда табиғи жылыжайдың микроклиматы болады. Қорықтың қалған бөлігінде кездесетін өсімдіктерден басқа, каньоннан қырықбуындарды, папоротниктерді, өткен дәуірлердің реликті өсімдіктерін де көруге болады.

Ақсу каньонын алғаш зерттегендердің бірі орыс географы және топырақтанушы Семен Неустурев 1908 жылы Түркістан экспедициясы кезінде осында болған. Ол осы ерекше табиғи мекенге келгендегі әсерін былай сипаттады:

«Ақсудың мәрмәр құмымен аппақ қаһарлы сулары шатқалдың түбімен гүрілдеп ағып жатыр, оларды басып өтуге ешкімнің дәті бармайды… Каньонның қабырғалары, әсіресе ең тік жерлерінде су жылтырлап ағады, ал төменде – шұңқырлар байқауға болады».

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button