ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің үлесі қандай?

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады.

Министрлік ұсынған деректерге сүйенсек, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 млн 122 мың адамды құрады, олардың ең көбі қазақтар (69,03 %). Одан кейін орыстар (18,47 %),  өзбектер (3,29 %), ұйғырлар (1,5 %), украиндар (1,3 %), татарлар (1,06 %), немістер (0,92 %), түріктер (0,61 %), кәрістер (0,57 %), әзербайжандар (0,61 %), дүнгендер (0,40 %), белорустар (0,28 %), тәжіктер (0,27 %), күрдтер (0,25 %), шешендер (0,18 %), поляктар (0,15 %), башқұрттар (0,09 %), басқа этнос өкілдері 1,04 %-ды құрайды.

Жалпы халық саны жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Айталық, соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ға өскен.

Басқа материалдар

Back to top button