ЖаңалықРедакция таңдауы

Балаларға арналған «Zhasdaryn» бейнероликтер байқауы басталды

«Zhasdaryn» байқауы 24 маусым – 25 шілде аралығында өтеді.

Байқауға 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде дарынды балалар, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қатыса алады.

Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. 5-9 жас
  2. 9-13 жас
  3. 13-18 жас

Байқауға қатысу үшін әлеуметтік желілерде міндетті түрде жасын көрсете отырып, «Менің болашақ мамандығым» атты креативті бейнеролик жариялау қажет. Бейнеролик хронометражы – 1  минутқа дейін.

Әлеуметтік желіде жариялау кезінде жоба үшін арнайы ашылған zhasdaryn_baiqauy парақшасын белгілеу және #меніңарманым2022 және #zhasdaryn2022 хэштегтерін көрсету қажет.

Қатысушылар бейнероликті өзінің немесе ата-анасының әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялай алады.

Бейнероликті жариялап және өтініш бере отырып, конкурсқа қатысушылар дербес деректерді жинауға, сақтауға және өңдеуге, сондай-ақ түсірілім процесіне қатысуға және оларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде одан әрі таратуға келіседі.

Дарынды балаларды іріктеу үшін «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ мен «Казцинк» ЖШС өкілдері қатарынан арнайы Конкурстық комиссия құрылады. Нәтижесінде қатысушылар арасынан 6 ең үздік бейнеролик анықталады.

Жеңімпаздар ноутбуктер мен дипломдармен марапатталады.

Байқауды «Казцинк» ЖШС қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастыруда.

Басқа материалдар

Back to top button