Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандық оқушы EGеO2022 Еуропалық олимпиадасының жеңімпазы атанды

Ақтөбе қаласындағы NIS оқушысы Санжар Хамитов ел тарихында тұңғыш рет географиядан EGеO2022 Еуропалық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды, ол 16-19 жас аралығындағы жоғары лига қатысушылары ішінде абсолютті жеңімпаз атанды. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Баспасөз қызметі мәлімдеді.

Санжардың жаттықтырушысы – Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің түлегі, ІGeO-2021 халықаралық географиялық олимпиадасының жеңімпазы Рустам Валеев.

Бастапқыда Балқан олимпиадасы деп аталған Еуропалық географиялық олимпиада – 12 мен 19 жас аралығындағы мектеп оқушыларының жыл сайынғы жарысы. VIII Еуропалық географиялық олимпиада 2022 жылдың 24-29 маусымы аралығында қашықтан өтіп, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Литва, Латвия, Эстония, Сербия, Словения, Қазақстан, Румыния, Чехия, Болгария, Босния және Герцеговина елдерінен 111 қатысушыны біріктірді.

Санжар Хамитовтың жетістіктерінің қатарында география пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың алтын медальдары бар.

Мен географияның көмегімен бізді және планетамызды біріктіретін күрделі кеңістік және уақыттық байланыстар туралы біле аламын. Күн сайын жеңіске жету жолында мен кешегіден гөрі жақсы болу үшін бәрін жасаймын, – дейді Санжар.

Олимпиада үш турдан тұрды – жазбаша, мультимедиялық, далалық. Барлық турда Санжар жақсы нәтиже көрсетті, себебі соңғы жылда ол олимпиадаға дайындық барысында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ол тәжірибелік және теориялық білімін үнемі жетілдіріп отырудың арқасында алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ барлық қатысушылар арасынан ол ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендігімен ерекшеленді, – деп атап өтті Рустам Валеев.

Енді Санжар Хамитов ІGeO және IESO халықаралық олимпиадаларына қатысады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button