Жаңалық Редакция таңдауы

Телефонмен сөйлескенде нені ескеру керек?

Қазіргі таңда кез-келген адам телефон арқылы көп сөйлеседі. Бірақ, барлығы телефонмен сөйлесу ережелерін біле бермейді.

Ең алдымен амандасуды естен шығармаңыз. Психологтардың кеңесіне құлақ түрсек «қайырлы күн», «сәлеметсіз бе» деген жөн. Егер сізге біреу телефон шалса «тыңдап тұрмын» деген жауаптан бас тартыңыз, дұрысы компанияның атын атап, есіміңізді айту. Ал егер өзіңіз хабарлассаңыз ол адамнан сөйлесуге уақыты бар-жоғын анықтап алыңыз.

Телефонмен сөйлескенде сіз желінің ар жағындағы адамды көре алмайсыз, сол себепті дауыс ырғағы мен екпіні, айтқан сөздеріңіз әңгіменің қалай өрбитініне тікелей әсер етеді. Әңгіменің нәтижесі де соған байланысты. Психологиялық зерттеулерге сүйенсек, дауысы көтеріңкі адаммен сөйлесуді көбі ұнатады.

Іскерлік әңгіменің ұзақтығы 5 минуттан аспайды, 3-4 минут өткеннен кейін ойды қабылдау мүмкіндігі азаяды. Мәселен, кейбір жапон компаниялары телефон арқылы кез-келген мәселені 3 минут ішінде шешіп бере алмайтын қызметкерлерді жұмыстан шығарып жібереді екен. Хабарласқанда 6 рет дыбыстық белгіге жеткенге дейін күту керек. Ал байланыс үзіліп кетсе телефон шалған адам қайтадан өзі хабарласуы тиіс. Телефон шырылдаған кезде 2-3 дыбыстық сигналды күтіп жауап беріңіз. Осы уақыт ішінде сіз бұған дейін айналысқан ісіңізді тоқтатып, алдағы әңгімеге дайындалуға мүмкіндік аласыз.

Қызмет барысы бойынша үй телефонына немесе ұялы телефонға хабарласуға болмайды. Себебі іскерлік жұмыстарды жұмыс уақытында аяқтаған абзал.

Әңгімеңізді аяқтаған кезде қоштасуды ұмытпаңыз. Қажетті ақпаратты біліп алғаннан кейін телефонды қоя салатын адамдар жиі кездеседі. Мұндай адаммен бұдан кейін сөйлесуге ешкім ниет білдірмейді. Сондықтан телефонмен сөйлескенде де әдеп ережелерін есте сақтаған жөн.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button