ЖаңалықРедакция таңдауы

Бүгін «Бесеудің хаты» жолданған күн

1932 жылы 4 шілде күні БКП(б) Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге қазақ интеллигенциясы хат жазды.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру нәтижесінде болған аштық туралы, індеттің салдары туралы 1932 жылы БКП(б) Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің өзіне бір топ республика қайраткерлері: жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Гатаулин, Комвуз проректорының орынбасары Муташ Дәулетқалиев, осы оқу орнының проректоры Емберген Алтынбеков және ҚАССР Мемжоспардың энергетикалық саласының меңгерушісі Қадыр Қуанышев хат жазды. Мәскеуге және үкіметтік органдарға тек қана жекелеген лауазымды тұлғалар, қазақ зиялыларының өкілдері ғана емес, сонымен қатар қарапайым тұрғындар да жазды, олардың көпшілігі қуғын-сүргіндердің құрбанына айналды.

Көрнекті қазақ мәдениетінің қайраткерлері жазған «Бесеудің хаты» Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Хатта еріктіліктің лениндік қағидаттарының бұзылуы, ауылдың ерекшеліктерінің ескерілмеуі, байлармен бірге орташалардың жойылуы айтылады. Хатта еріктіліктің лениндік қағидатының бұзылғандығы, ауылдың ерекшелігінің ескерілмегендігі, орташалар мен байлардың жойылғандығы туралы айтылады. Сонымен қоса, олар Голощекинді ұжымдастыруды өткізу бойынша партияның басты бағытын бұрмалады, мал шаруашылығын дамытуға деген халықтың ынтасын жойды, бұл мал шаруашылығына деген жиіркеніштің тууына себепші болды деп айыптады. Хаттың авторлары бәрі де Коммунистік партияның мүшелері болатын. Осы жағдайды ескере отырып, хатқа осы қадамның мотивін түсіндірген қысқаша ғана жазба қосылды: «Осы сұрақты қоюшылар, ешбір жағдайда да «ренжіген» адамдар болып табылмайды, сондай-ақ олар мансапты да аңсаушылар емес. .. Біздің жалғыз ғана мақсатымыз –  біздің партиямыздың басты қаруы болып табылатын партиялық демократия аясында және өзін-өзі сынау тәртібінде Өлкелік комитетке өзімізді толғандырып жүрген сұрақтарды большевиктер сияқты тура қоя отырып, жекелеген маңызды олқылықтарды көрсетіп, Қазақстанда социализмді құруға көмектесу. Сондықтан да біздің сұрақтарымызға, оларға орташа партия белсенділерінен шыққан ұсыныс ретінде қарап, Сіз жауап береді деп үміттенеміз.

Өкінішке орай, шығармашыл зиялылардың сөздері ұлтшылдықтың көрінісі, байшылдықты аңсау ретінде қабылданды. Хат авторлары ұлтшыл, байлардың мүдделерін қорғаушылар ретінде айыпталды. Оларға партиядан шығарамыз, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытты. Өлкелік комитет хатпен танысқаннан кейін, оның авторларына көрсетілген психологиялық қысым олар үшін ауыр сын болды.

Дереккөз: e-history.kz

Басқа материалдар

Back to top button