Жаңалық Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтанда туристік ақпараттық орталық ашылады

2023 жылы елордада туристік ақпараттық орталық ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев мәлімдеді.

«Келесі жылы Мәдениет және спорт министрлігі Kazakh Tourism ұлттық компаниясымен бірлесіп, елордадағы Abu Dabi Plaza кешенінің қасынан туристік ақпараттық орталық ашуды жоспарлап отыр. Ол жерде туристерге толықтай ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар туристік операторлардың картасы, олар туралы деректер қолжетімді болмақ. Туристік орталық ақпаратты 4 тілде ұсынады», – деді Ержан Балтаев тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, аталған орталықта туристер интернет пен компьютерді пайдаланып жұмыс істей алады.

«Сондай-ақ, орталықтың ішінде ұлттық мәдениеттен хабар беретін және қолөнершілер бұрышын ашу ойда бар. Яғни туристер біздің елдің мәдениетімен жақынырақ таныса алады», – дейді ол.

Одан бөлек, басқарма басшысы туристік орталық ашылған соң Call орталықтың іске қосылатынын тілге тиек етті. Call орталыққа хабарласу арқылы туристер өз сұрақтарына тәулік бойы жауап ала алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button