Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

2022 жылғы 1 шілдеде Көкшетау қаласының достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали, Қазахстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы Азамат Кеңесұлы, «Qazcontent» басқарма төрағасының орынбасары Дархан Уалиханов, «Астана» радиосының директоры Сымбат Танашева, фрилансер, блогер, креатор Ұлан Абишев, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының мүшелері қатысты.

ҚХА Журналистер клубы – баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың дағдылары мен құралдарына үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға қатысқан журналистер ҚХА қызметін жариялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, этносаралық қатынастардағы ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді.

Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау, бірлік пен келісімді танымал ету мақсатындағы ақпараттық жобалар туралы, әлеуметтік желілерде ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында қатысушыларға этносаралық қатынастардағы ақпараттық ресурстарды дұрыс ұсыну және жариялау, бірлік пен келісімді танымал ету бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табыс етілді.

Айта кетейік, «Ruh.kz» ақпараттық-танымдық сайтының шығарушы редакторлары Аида Елемесова және Аяжан Қабылқанова да жиынға қатысып, біліктілікті арттыру туралы сертификаттар алды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button