Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан командасы Ұлыбританиядағы ең мықты робот инженерлеріне қарсы ойында жеңіске жетті

Қазақстандық роботтехника командасы Ұлыбританияның Косфорд қаласында өткен FIRST Tech Challenge олимпиа­дасында жеңіске жетті.

NIS (FMN), BIL және Haileybury сияқты Алма­ты­дағы жетекші мектептердің 15-17 жас аралығындағы 12 оқу­шысы қа­тысқан жарыс­та жас инженерлер мен бағ­дар­ламашылар 10 ойында да жеңіске жетіп, аб­солютті рекорд орнатты.

Осылайша, Қазақстан командасы Ұлыбританиядағы ең мықты робот инженерлеріне қарсы ойында жеңіске жетті. Бүгінде 80 миллион АҚШ дол­лары көлеміндегі стипендия қоры бар FIRST роботтех­ника чемпионаттарының же­ңім­паздары әлемнің жетек­ші университеттерінде тегін бі­лім алуға өтініш беру мүм­кін­дігіне ие.

Еуропа мен Азия елдерінен барлығы 21 команда қатысқан FTC UK Regional – 2022 робот­­техника жарысында топ жа­­ру әрине оңайға түс­пе­гені анық. Осы орайда Алма­ты фи­зика-математика бағы­тын­дағы «NIS kyran x SWB» ко­ман­дасы бірінші орынға ие бол­ғанын ерекше атап өтуге болады.

FIRST Tech Challenge ин­же­нерлік жарыстарының басты мақсаты – оқушылардың тех­никалық білім деңгейін арт­тыру, командада жұмыс істеу және міндеттерді бөлу дағ­дыларын дамыту. Бұл бо­­ла­шақ инженерлер мен робо­­т­­техниктерді дамытуда ма­ңызды бағдарлама болып та­былады. Роботтехника бойынша командалық жарыста белгілі уақыт ішінде бәсекелестік алаңда тапсыр­маларды орындай алатын ро­­ботты жобалау және қ­ұ­рас­­тыру жүктелді. Осы орай­да командаға автономды және бас­қарылатын режімдерде бір­қатар әрекет­ті орындай алатын роботтар құрас­ты­рылды.

Қазақстан намысын қор­ғаған NIS kyran x SWB және Haileybury Initium командалары британдықтарға қарсы бір альянста өнер көрсетіп, 6 біліктілік матчын, екі жартылай финалды және екі фи­­налды рекордтық есеппен жеңіп алды. Құрама бұл жеңіс­пен шектеліп қалмады. Балалар Tournament champion кубогын және Judges award – төрешілердің тарапынан бері­летін, қатысушылардың чемпионатта үздік нәтиже көр­сеткендерін дәлелдейтін ең не­гізгі марапатты жеңіп алды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button