Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда ұшақ сүйреген алғашқы адамды білесіз бе?

«Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабы» айдарының бүгінгі саны «Қазақ титаны» атанған Алмат Жұбанов жайлы болмақ.

Алматылық Алмат Жұманов Қазақстанның рекордтар кітабына 100 тонна көмірі бар вагонды беліне байлап, оны орнынан 8,5 метрге дейін жылжытып және  арқасына 280 келі түйені көтеріп алып, 4 тонна 68 келі болатын жүргізушісі бар үш көлікті 13 метр жерге дейін сүйреп енген.

Сонымен қатар, 2021 жылы 25 тонналық Ан-72 жүк ұшағын орнынан қозғап, 1 метрге дейін жылжытты. Алматылық спортшының бұл көрсеткіші Қазақстан рекордтар кітабына еніп, елімізде ұшақ сүйреген алғашқы адам болды.

Алмат әскери ұшақты негізінде 6 метрге жылжытамын деп жоспарлаған екен. Бірақ та, жарақатына байланысты ол жоспарды орындай алмаған.

Ол журналистерге берген сұхбаттарында «Менің мақсатым – қазақ халқында осындай мықты жігіттер бар екенін шетелдіктерге көрсетіп, еліміздің атын шығару. Олар бізді көріп, еліктесін. Интернетке кірсең шетелдіктерді көресің. Сол жағынан дамытқым, көрсеткім келеді»,- деп бұл рекордтарды орнатудағы мақсатын айқын айтқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button