Жаңалық Редакция таңдауы

«Елорда бәйгесі» рес­публикалық турнирі өтеді

Ертең елордадағы «Қазанат» атшабарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне орай бәй­ге түрлерінен «Елорда бәйгесі» рес­публикалық турнирі өтеді.

Бәйге сайысында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 150-ден астам таңдаулы жүйрік бақ сынайды. Шабандоздар тоғыз шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан және 21 шақырымдық аламан бәйге бойынша сынға түседі. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Сондай-ақ бәйге бағдарламасында «Қос­танай жылқысының бәйгесі» атты респуб­ликалық турнир де ұйым­дасты­рылмақ. Биыл үшінші рет өткелі жатқан жарыста Қос­та­най тұқымды жылқылар ұшқыр (1,4 км, 2,4 км), құнан (7 км) және аламан бәйге (20 км) түрлері бойынша бақтарын сынайды. Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 9 млн теңге.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button