Жаңалық Редакция таңдауы

«Зерендi» атауы қайдан шыққан?

Еліміздегі жер-су атауларының шығу тарихына арналған «Ұлы дала аңыздары» айдарының бүгінгі санында Зеренді мекені жайлы аңызбен бөлісеміз.

Ғалымдар арасында Зеренді топонимінің шығуы туралы бүгінге дейін ортақ пікір жоқ. Зеренді – көл мен ауылдың атауы. Филология ғылымдарының докторы, профессор О.А. Султаньяев «Зеренді деп көл, оны қоршаған тау да аталады, «зерен» моңғол сөзі – «ақбөкен» дегенді білдіреді. Басқа топонимист Ә. Әбдірахманов «Зерендi» сөзінің екі мағынасы бар, біріншісі – көне түріктің «зерензе», екіншісі «зерен» – «қарақұйрық» дегенді білдіреді дейді. Үшінші ғалым Е.Қойшыбаев көл мен өзен атауының әртүрлі түсінігі бар екендігін көрсетеді, ортақ ұғым жоқ. Зеренді көлі мен Зеренді кентінің арасында ортақ түсінік жоқ, зерен сөзі парсы тілінен аударғанда «майысқан қанжар» дегенді білдіреді. Пікірлер көп, оның қайсысы шындыққа жанасады. Мысалы, Таулы Алтайда «Jeren» сөзі – сары түс, ал «Jeren» – сары көл дегенді білдіреді. Немесе көл қызыл кірпіш түстес…

Жергілікті тұрғындар «зерендi» сөзі осы жерде өсетін шөптің түсін білдіреді дейді. Қостанай облысының Жангелді ауданында жергілікті тұрғындар қызыл түс беретін шөпті «зерендік» деп атайды. Көне түркі сөздігінде Zavanza деп аталатын бояғыш шөп бар. Махмұд Қашғаридың «Түркі тілдерінің сөздігінде» Zaranza uruyi – шөптің дәні деген бар. Осы пікір бойынша, Зеренді тауы осында мол өсетін дала шөбінің атауымен аталған. Сол секілді, көл де сол атаумен аталған, бояғыш түсті білдіреді, көк, көк-қызыл, жалпы алғанда, ала-құла. Көлді су түсімен атау ежелгі дәстүр. Ғалымдардың қызу пікірлерімен қатар, жергілікті аңыз да бар. Олардың бірі мынадай.
Бұл ежелде болған. Жас жігіт көрші ауылдың қызына ғашық болады. Олар үйленуді қалайды, бірақ қыздың ата-анасы бұған қарсы болады. Күйеу жігіт кедей болғандықтан, олар қызын бай адамға бергісі келді. Жастар ауылдан қашып кетпекке бекінеді. Бірақ олардың арттарынан қуғыншы келеді. Қашу үшін қыз артына анасының білезігін тастайды, білезік жарқырап, бұл жарық ғашықтарға қашуға көмек береді. Білезік түскен жерде көл пайда болған. Қуғыншылар басқа жағалауда қалып қойған. Содан бері көл Зеренді деп аталады, зерен – білезік деген сөзден шыққан. Ол дөңгелек, суы таза әрі көздің жасы секілді мөлдір болған.

Дереккөз: «Қазақ жерінің жүз аңызы» Орынбай Жанайдаров

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button