ЖаңалықРедакция таңдауы

Елорданың 8 ерекшелігі

Ұлы даланың жүрегі, Еуразияның орталығы, бейбітшілік қаласы, ақиқатқа айналған арман осы теңеулердің барлығы жер ғаламшарындағы ең жас астаналардың бірі - Нұр-Сұлтан қаласына әбден лайық. Бүгін, яғни 6 шілде – Астана күні. Биыл бұл мереке 24-ші рет тойлануда.

Ұлы Жібек жолы заманынан бастап мұнда хан ордалары құрылып, сауда керуендері өтті. Әртүрлі мәдениет, бай дәстүр, діни көзқарастардың тоғысуы осы өңірлерге тән құбылыс еді. Жаңа астана тарихи қысқа мерзімде бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертіп, оны экономикалық күшті және саяси тұрақты мемлекетке, жауапты, беделді халықаралық әріптеске айналдырды. Нұр-Сұлтан қаласының басқа астаналардан өзгеше өзіңе тән ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Соларға тоқталсақ:

  • Астанамыздың алып жатқан аумағы 800 шаршы шақырымды құрайды. Ол Бахрейн, Андорра, Кирибити секілді мемлекеттердің жер көлемінен де үлкен.
  • «Астана Опера» – Орталық Азиядағы ең үлкен театр.
  • Нұр-Сұлтан – әлемдегі Ұлан-Батырдан кейінгі ең суық астана саналады.
  • «Әзірет Сұлтан» мешіті – Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт.
  • Бейбітшілік және келісім сарайын екі мыңға жуық түрлі ұлт өкілдері салған. Оның ішінде әлемге танымал британдық сәулетші Норман Фостер мен 100 адамнан құралған командасы бар.
  • Астанамызда орналасқан «Астана Арена» стадионы қозғалмалы шатыры бар әлемдегі санаулы ареналардың қатарына жатады.
  • Нұр-Сұлтандағы «Ailand» ойын-сауық орталығының мұхитаралы ТМД-да ашылған бірден-бір нысан болып табылады. Сол сияқты ол әлемдегі көк мұхиттан үш мың шақырым қашықтықта жатқан жалғыз мұхитарал.
  • «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол әлемдегі шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат. Биіктігі – 150 метр.

Басқа материалдар

Back to top button