ЖаңалықРедакция таңдауы

2022 – 2023 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2022 - 2023 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 17 794 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 9 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына– 6 288 грант тиесілі. Сондай-ақ, техникалық бағыттарға ерекше назар аударылып, мемлекеттік тапсырыстың үлесі 60% – ға дейін ұлғайды. Бакалавриатқа түсу үшін 2022-2023 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар саны артты. Көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлер грант алу үшін көбірек мүмкіндіктерге ие болады.

Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беру грантының жаңа түрі анықталды: «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлерінің жастарының жетекші жоғары оқуорындарында оқуға арналған мақсатты білім беру гранты» – бұл Атырау және Маңғыстау облыстарының 10 мың талапкеріне жоғары оқу орындарында білім алу үшін мақсатты гранттар алуға мүмкіндік береді. Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» грантына конкурсқа ағымдағы жылдың мектеп түлектері қатыса алады. Бұл ретте олар бір уақытта жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпін» байқауына қатыса алмайды.

–  Білім гранттары, оның ішінде «Атырау-Маңғыстау» мақсатты грант санының артуына байланысты бүгін тізім жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін, – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.

2022-2023 оқу жылына арналған білім беру гранттарын  бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланған:

Баклавриат http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5114

Магистратура http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5116

Докторантура http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5118

Басқа материалдар

Back to top button