ЖаңалықРедакция таңдауы

Мансап жоспары дегеніміз не?

Соңғы уақытта мансапты саналы басқару туралы көбірек айтылады. Көбіне бұған алғашқы қадам – мансаптық жоспарды дайындау. Бұл адамның кәсіби салада және қай жерде болғысы келетінін бағалауға көмектесетін құрал.

Мансап жоспары – бұл мансаптық мақсатқа жоспарланған траекторияны және оған жету әдістерін анықтайтын құжат. Егер оңайлататын болсақ, онда бұл жұмысқа орналасуға, қызметте жоғарлауға, мамандықты немесе жұмыс орнын ауыстыруға әкелетін қадамдар.

Мансап картасы немесе мансап жоспары – бұл адамның қалаған мақсатына жету үшін жеке GPS навигаторы, ол өзінің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ оның құндылықтары мен басымдықтарын ескере алады.

Мансаптық жоспар не үшін қажет?

  • Адам болашақ мансаптық жетістіктерге назар аударады;
  • Өзінің мансаптық дамуы үшін жауапкершілікті алуға көмектеседі. Себебі қандай дағдыларды жетілдіру керектігін, оқуға қайда бару керектігін, жұмыста қандай жаңа міндеттер алатындығын өзі ғана біледі;
  • Өзінің аспектілері мен дағдыларын талдағаннан кейін адам өзің және жетістіктерін қабылдайды, сондай-ақ бәрін шешуге болатындығын түсінеді және оған қалай жету керек екенін біледі;
  • Жалпы алғанда, сарапшылар 5 жылдан аспайтын жеке мансаптық жоспар құруға кеңес береді. Ең дұрысы – бір жылға.

Мансап жоспарын құрудың негізгі кезеңдері:

  1. Өзінің кәсіби болашағының көрінісін жасау. Мансаптық жоспар құру алдында өз жұмысынан нені күтетінін ашық әрі шынайы жазып немесе айтып алу керек.
  2. Ең жақын мансаптық мақсатты анықтау. Жаһандық көзқарасқа сүйене отырып, адам ең жақын мансаптық мақсатты белгілеуі керек. Бұл мақсат нақты болуы керек, белгілі бір мерзімге жету керек және оны ынталандыруы керек. Мысалы, көшбасшы болғысы келу мақсат емес, бұл жай ғана тілек. Қандай бөлімшенің басшысы, жалақы деңгейі қандай болуы керек, қай уақытта сияқтыларды нақты білу -мақсат.
  3. Диагностика жүргізу. Бұл кезде өзіңді әртүрлі жағынан талдау қажет: білім, дағдылар, тәжірибе, құзыреттілік, мүдделер, құндылықтар, ресурстар, бедел, жеке бренд, денсаулық, отбасы, қоршаған орта, танысу шеңбері, әлеует, тәуекелдер. Сыртқы және ішкі факторлардың қайсысы мақсатқа жетуге көмектеседі және қайсы кедергі болады бұны да білу керек.

Мансап жоспар жасау

Оған мыналар кіреді:

1) ең жақын мансаптық мақсат (бір жылға);

2) оны іске асыру үшін кіші мақсаттар;

3) әрбір кіші мақсатты іске асыру үшін нақты әрекеттер;

4) әрбір міндетті іске асырудың соңғы мерзімі.

Әрекеттерге көшу

Тіпті ең керемет ойластырылған және шабыттандыратын жоспар, егер ол іске асырылмаса, нәтиже бермейді. Мансап жоспарын жасағаннан кейін адам бірден белсенді әрекетке көшуі керек.

Басқа материалдар

Back to top button