Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда салық бойынша жеке тұлғаларды анықтаудың жаңа ережелері бекітілді

2022 жылдың 5 шілдесінен бастап салық құпиясын құрайтын мәліметтерді беру мәселесі бойынша байланыс орталығына жүгінген кезде жеке тұлғаны сәйкестендіру E-Salyq Business ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтардың деректер базасында бар ұялы телефон нөмірін пайдалана отырып, оператор салық төлеушіден төрт таңбалы растау кодын сұрайды. Сәйкес келген жағдайда салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер, банктік деректемелер, орналасқан жерінің мекенжайы, оның ішінде жеке кәсіпкер, заңды тұлға) ұсыну бойынша қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқармада атап өткендей, заңды тұлғаларға қатысты мәліметтерді біріктірілген салықтық ақпарат жүйесінен басшысы, бюджеттік жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға немесе құрылтайшының сұрау салуы бойынша алуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button