Жаңалық Редакция таңдауы

Ақмола облысында кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері табылды

Ақмола облысында кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері – әшекей бұйымдар мен қыш ыдыстардың қалдықтары табылды, деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасы.

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, биылғы маусымның 6-нан бастап Зеренді ауданының Кеңөткел ауылы маңында археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр.

Оның барысында археологтар қола дәуірі кезеңіндегі тұрмыстық заттарды тапты.

«Біз алғаш рет шағын пішінді қыш ыдыстарды таптық. Бұл кейінгі қола дәуірі. Мұнда ою-өрнектер жоқ, бірақ ерте темір дәуірінің ежелгі түркі жазбаларына ұқсас жазулар бар. Демек, бұл өтпелі кезең болды. Жалпы, басқа керамикалық ыдыстардағы өрнектер біздің дәуірімізге дейінгі 17-15 ғасырларда осы аймақта өмір сүрген адамдардың дүниетанымы, сенімі мен мәдениетінен хабар береді», – дейді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Жасұлан Үкеев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button