Жаңалық Редакция таңдауы

Халқымыздың музыкалық аспаптарын бір жерге тоғыстырған музей

Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар музейі – күллі Орталық Азия бойынша бірегей мекеме. Себебі ол – жәдігерге бай, жай ғана ауқымды көрме емес, 40 жылға жуық уақыт бойы музыкалық артефактерді зерттейтін, көне аспаптарды қайтадан жөндеп, жаңадан жасайтын зерттеу орталығы қызметін атқарып келе жатқан орын.

Музей –  мәдениет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың ұйымдастыруымен XX ғасырдың 80 жылдары құрылды. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №358-р санымен 1980 жылдың 1 тамызында Республикалық халық музыкалық аспаптар музейін ашу туралы Үкімет жарлығы шықты. Аталған жылдың тамыз айынан бастап музей тарихында тұңғыш директор болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеуші, күйші Жарқын Шəкəрім тағайындалды.

Музей ғимараты өзінің ерекше пішінімен көз тартады. 1908 жылы атақты Верныйлық сәулетші Андрей Палович Зенковтың жобасымен тұрғызылған ғимарат «Ропетовский» стиліндегі ағаш сәулет өнерінің ерекше үлгісі. Музей ғимараты Офицерлер жиналысының бұрынғы ғимаратында орналасқан. Қазіргі таңда Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде .

Музейде қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ге жуық елінің мәдениетімен таныстыратын 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Музей қорындағы халық музыка аспаптары мұралары өзінің жіктелу тобына қарай жеке-жеке залдарға бөлінген.

Олар:

Кіріспе залы;

Үрмелі, ұрмалы және шулы аспаптар залы;

Мемориалды музыкалық аспаптар залы;

Қобыз залы;

Шеберлер залы;

Түркітілдес халықтардың музыкалық аспаптар залы;

Азия және Африка халықтарының музыкалық аспаптар залы;

Еуропа халықтарының музыкалық аспаптар залы.

Музейдің Кіріспе, Үрмелі және ұрмалы музыкалық аспаптар, Мемориалдық музыкалық аспаптар және Қобыз залдарында домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында ойналатын халық күйлері, ал әлем халықтарының музыкалық аспаптарына арналған залдарда сол елдердің аспаптарында ойналатын шығармалар фондық музыка ретінде ойнап тұрады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button