ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақ сыныбын таңдаған 1-сынып оқушыларының саны артты

Еліміздегі балаларды 1-сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, үш айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсіп үлгерген. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.

Балдырғандарды мектепке қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Ал құжат қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Бірақ жауапты ведомство ата-аналарға құ­жат­ты тездетіп тапсыруға кеңес береді.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова: «Ата-ана­ларға құжат­тарды тезірек тап­сыруға кеңес береміз, өйт­кені қабылдау 1 тамызда аяқ­талады. Ал 1 тамыздан бас­тап мектептерде оқу-тәр­бие үрдісін сапалы жоспар­лау мен ұйымдастыру, оқу­лықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталғанына үш ай өтті және осы уақыт ішінде 320 мыңға жуық өтініш түсті. Оның 82%-ы электронды форматта қабылданды. Сонымен қа­тар мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің үлесі бүгінде 70%-ға жуықтады. Қазақ тілін­де оқыта­тын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда (92,4%), Түркістан (89%) және Маңғыстау (87,1%) облыстарында тіркелді», – деді.

Оқу-ағарту министрлігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызметті автоматтандырған еді, осыған орай ата-аналар құ­жатты egov.kz веб-пор­талы арқылы тапсыра алады. Сон­дай-ақ олар құжатты дәс­түрлі қағаз форматында да өткізуге құқылы. Жаңа оқу жы­лында 400 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

Басқа материалдар

Back to top button