Жаңалық Редакция таңдауы

Түйіндеме құрастыру кезінде білуіміз керек 8 құпия

Түйіндеме - жұмыс іздеу процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Түйіндеме бойынша жұмыс беруші жұмыс іздеуші туралы алғашқы пікір қалыптастырады, сондықтан оны толтыру мәселесіне дұрыс қарау керек. Бүгін біз сіздермен түйіндеме толтыру кезіндегі құпиялармен бөліспекпіз.

Құпия №1 «Дұрыс фото»

Түйіндеменің сәттілігінің үлкен үлесі – бұл сәтті және дұрыс таңдалған фотосуретке тікелей байланысты. Фотосурет сапалы болуы керек, Instagram желісіндегі селфи емес. Сондай-ақ, он жыл бұрынғы сәтті суретіңізді пайдаланбаңыз. Түйіндемені фотосуретсіз орналастыру қажет емес. Көптеген жұмыс берушілер мұндай түйіндемелерді қарамайды.

Құпия №2 «Дұрыс электрондық пошта мекенжайы»

Электрондық пошта мекенжайының маңыздылығын естен шығармаңыз. Жұмыс іздеген кезде жұмыс берушілерге кәсіби е-mail ұсыну қажет. Барлық «mishki_gammi95», «kisulya55» және «Gulmira1989» деген сияқты аккаунтармен қоштасқан дұрыс. Толық аты-жөні бар жаңа электрондық поштаны тіркеу дұрыс болады (мысалы, akhmet.akhmetov@gmail.com).

Құпия №3 «Түйіндеме файлының атауы түсінікті болу»

Түйіндеме файлының атауы кем дегенде адамның тегі және лауазымын қамтуы тиіс. Жұмыс берушіге түйіндемені компьютерде іздеп, оны қарау ыңғайлы болады. Мысалы: Аты-жөні_лауазымы – Оспанов_Талгат_ Бухгалтер немесе Ospanov_Talgat_ Accountant.

Құпия №4 «Әмбебап түйіндеме болмайды»

Барлық мамандықтар үшін әмбебап түйіндеме жоқ. Түйіндемені әр мамандыққа ыңғайластырып жазу маңызды. Кез келген түйіндеменің міндеті – мамандық бойынша дағдыларын көрсету. Мысалы, сату кәсіптері үшін, компания үшін қалай ақша тапқаныңызды көрсету маңызды. Техникалық және АТ-кәсіптеріне әртүрлі дағдылар мен білімдердің болуын, маркетингтік – іске асырылған жобаларды және т.б. көрсету өте маңызды.

Құпия №5 «Отбасы мәртебесін алып тастаңыз»

Отбасылық мәртебені көрсету оң рөл атқара алатын бір ғана жағдай бар: егер жас қыз жұмыс іздеп, жұмысқа орналасқаннан кейін бірден декретке түспейтінін көрсеткісі келсе. Бұл жағдайда балалардың болуын көрсетуге болады. «Азаматтық неке», «ажырасу» нұсқалары түйіндеменің құнын бірден төмендетеді, өйткені қосымша сұрақтар туындайды.

Құпия №6 «Жақсы түйіндеме әрқашан белгілі бір бос орынға жасалады»

Жақсы түйіндеме әрқашан нақты жұмыс үшін жасалады. Бұл жерде сенімділік болуы керек.

Құпия №7 «Үлгі сөз тіркестерін қайта жазыңыз»

Өте жиі ізденушілер құрастыру кезінде түйіндемеде жаттанды сөз тіркестерін пайдаланады, оларды интернеттегі кез келген үлгідегі түйіндемен оңай тауып алуға болады. Олардан аулақ болған дұрыс, өйткені жұмыс беруші үшін олар бос сөз. Мысалы: нәтижеге бағдарлану = жұмысымда үнемі нәтижеге көңіл бөлемін. Клиентке бағдарлану = клиент мен үшін қашан да бірінші орында = клиенттің мүддесін өз мүддемнен жоғары қоямын. Тіл табысқыштық = кез-келген клиенттермен / әріптестермен оңай тіл табысамын = клиенттермен еркін сөйлесемін.

Құпия №8 «Аббревиатура қолданбау»

Түйіндемеден түсініксіз аббревиатураларды алып тастау қажет.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button