ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстандық криоатлет Қайырбек Аяшевті білесіз бе?

«Қазақстанның рекордтар кітабы» айдарының бүгінгі саны Есіл өзенінің үстіндегі мұз ойығында тапжылмай 45 минут тұрған Қайырбек Аяшев жайлы болмақ.

Қайырбек Аяшев мұз ойығына 2009 жылдан бері жылына бір мәрте түседі. 2019 жылы 35 минут, 2020 жылы 40 минут тұрып, рекорд орнатқан. Ол суға түсерде жаттығу істеп, денесін қыздырады, тыныс алу гимнастикасын жасайды. Түскен соң бірден ыстық бөлмеге кірмейді. Денесін жылуға ақырын-ақырын үйретеді. Бір сағаттан кейін ғана ыстық шай ішеді.

Сонымен қатар, ол қысы-жазы ауа райына қарамастан қысқа жеңді киім мен жеңіл шалбармен жүреді. Қайырбек Аяшевтің суық күндері жеңіл киініп жүру методикасын қолданып жүргеніне 14 жыл болған. Бұл іспен 2008 жылдан айналыса бастаған ол алғашында бұл техниканы және йога гимнастикасын денсаулық жағдайына байланысты қолдана бастаған екен.

Айта кетейік, мұздай судың ішінде тұрудан әлемдік рекордты 2012 жылы  24 наурызда ресейлік Дмитрий Балабанов орнатқан еді, оның уақыты – 2 сағат. Әйелдер арасындағы рекорд Осман Делибашқа тиесілі, ол мұздай судың ішінде 60 минут тұрды.

Басқа материалдар

Back to top button