ЖаңалықРедакция таңдауы

«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

«Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметі.

Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

Басқа материалдар

Back to top button