ЖаңалықРедакция таңдауы

NЕЕТ санатындағы жастар кімдер?

«NЕЕТ санатындағы жастар» деген терминді естіп, оқып, көріп жүрміз. Бірақ та дәл «Neet» сөзі қандай мағына береді, бұл санатқа қандай жастар кіретінін бірі білсе, бірі білмейді. Бүгін біз «Neet санатындағы жастар» ұғымына және Қазақстанда Neet санатындағы жастар туралы ақпараттарға тоқталамыз. Деректер «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әдістемелік нұсқаулығынан алынды.

NЕЕТ санатындағы жастар ұғымы (Not in Empoloyment. Education or Trai­ning, «білім алмайтындар, жұмыс істемейтіндер және біліктілігін арттырмайтындар») қоғамдық дискурста жақында пайда болды: ол алғаш рет Ұлыбританияда 1999 жылы Әлеуметтік оқшаулану мәселелері жөніндегі комиссияның «Алшақтықты жою: білімі, жұмысы немесе кәсіби дайындығы жоқ 16-18 жас аралығындағы балаларға арналған жаңа мүмкіндіктер» баяндамасында қолданылды. Бірте-бірте ол басқа мемлекеттерге таралып кетті.

Әлемдік рейтингте Қазақстан NЕЕТ жастары үлесі жөнінен көрсеткіші ең төмен(1-9,9%) елдер санатына кіреді. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде елдегі NЕЕТ үлесінің көрсеткіші 8,2%-дан 7,1%-ға дейін (1,1%-ға) азайды. Ал статистика деректері бойынша, 2021 жылдың 2-тоқсанында NЕЕТ жастарыныңүлесі 6,7%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылдың басында халық саны 18 879 552 болған кезде, жастар саны 3 739 883 (20%) құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, 15-28 жас аралығындағы жастардың экономикалық белсенді бөлігі (жұмыс күші) 2 099,8 мың адамды құраған (2019 жылы – 2 124,9 мың), оның ішінде 2 019,4 мың адам жұмыспен қамтылған (2019 жылы – 2 045,9 мың). 2021 жылдың 2-тоқсанында жастардың экономикалық белсенді бөлігі 2 072,9 мың адамды құрады (2020 жылдың 2-тоқсанында – 2 098,3 мың), оның ішінде 1 995,4 мың адам (2020 жылдың 2-тоқсанында – 2 034,5 мың) жұмыспен қамтылған.

2021 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыз жастар саны 77,5 мың адамды құрады (2020 жылдың 2-тоқсанында – 84 мың). Ең жоғары көрсеткіштерге тоқталсақ, Алматы қаласында – 13,2 мың, Алматы облысында – 9,9 мың, Нұр-Сұлтан қаласында – 7,3 мың адам. Төмен көрсеткіштерді атап өтсек, Атырау облысында 1,7 мың, СҚО – 1,5 мың адам, Павлодар облысында – 2 мың адам.

NЕЕТ жастарының үлесі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 7,1% құрады (2019 жылы – 7,4%), яғни 0,2%-ға азайған. 2021 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша NЕЕТ үлесі 6,7%, 2020 жылдың осы кезеңінде 7,6% құрады. NЕЕТ жастары үлесінің неғұрлым жоғары көрсеткіштері Қарағанды (9,1%), Ақмола (8,9%) және Қызылорда (8,1%) облыстарында байқалады. Қарағанды облысы 2017 жылдан бастап осы бағыттағы кері көшті бастап тұрғанын атап өту қажет.

NЕЕТ санатындағы қазақстандық жастарды топқа жатқызу ұзақтығына қарай шартты түрде:

  • ұзақ мерзімді жұмыссыздар (бірнеше жыл бойы жұмыс істемейтін және оқымайтын) және қысқа мерзімді жұмыссыздар топтарына бөлуге болады.
  • отбасылық міндеттерін орындауға байланысты экономикалық белсенділігін жоғалтқан жастар ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендердің басым бөлігін құрайды.
  • қысқа мерзімді жұмыссыздар (бұл топқа кіргендеріне бір жыл толмағандар).

2021 жылы «Жастар» ҒЗ0 жүргізген «Қазақстандағы NЕЕТ жастарының әлеуметтік ұстанымдары» зерттеуінің нәтижелері NЕЕТ санатындағы жастардың тұрақты жұмысқа орналаспауының 2 негізгі себебі бар екенін көрсетті: жалақының төмендігі және еңбек нарығында бос орындардың болмауы.

Жастардың тұрақты жұмысқа орналаспауының бастапқы 5 себебі:

  1. Жалақының төмен болуы (36,7%);
  2. Жұмыс орындарының болмауы (31,6%);
  3. Сәбиінің/балаларының болуы (12,2%);
  4. Кездейсоқ табыс көздерінің болуы (11,7%);
  5. Білімнің және білім алу мүмкіндігінің болмауы(11,4%).

 NЕЕТ санатындағы жастарды жиі толғандыратын 5 мәселе:

  1. Азық-түлік,халық тұтынатын тауарлар бағасының жоғары болуы (58,5%);
  2. Табыстыңтөмендеңгейі (45,3%);
  3. Жұмыссыздық және жұмысқа тұрудағы қиындықтар (43,6%);
  4. Жоғары білім құнының қымбаттауы (30,2%);
  5. Жеке баспанасының болмауы (17,4%).

Басқа материалдар

Back to top button