ЖаңалықРедакция таңдауы

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары бірыңғай форма киеді

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай қою көк түсті форма енгізіледі, - деп хабарлайды елорданың Білім басқармасы.

Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында форманың сәйкестігі жөніндегі талаптармен таныстыруы тиіс.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма талаптарға сай болуы керек.

Мектеп формасының түсі – қою көк.

Мектеп формасының стилі классикалық стильде жасалған.

Ұлдарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:

  • Пиджак, жилет, шалбар, ақ салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде (суық мезгілде: трикотаж жилет, ақ водолазка). Ұлдарға арналған еркін пішілген шалбарлар ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабуы тиіс.

Қыздарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:

  • Пиджак, көкірекше, юбка, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқылған көкірекше). Қыздарға арналған шалбарлар еркін пішіліп, ұзындығы бойынша тобықты жабуы керек, белдемшенің ұзындығы – кеңселік, тізеден 5 см төмен.

Айта кетсек, мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының айырым белгілері (эмблема, жапсырма және т.б.) орналастырылады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) сыртқы бөлігіне орналастырылады. Эмблеманың эскизін мектепте алуға немесе мектеп сайтында жүктеуге болады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарларды киюге жол бермейді.

Басқа материалдар

Back to top button