Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандық оқушылар математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

Математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында Қазақстан оқушыларының бәрі жүлдегер атанды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

«Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл – еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші. IMO – әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне төлемдер белгілеп, оқушыларға ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына түсуге болатындай жағдай жасағанымызды атап өткім келеді»,- деп жазды.

Министрдің айтуы бойынша, олимпиадаға қатысқан 6 оқушы 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич. Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.

«Зияткерлік сайысқа 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және т.б. елдер бар. Сонымен қатар оқушыларымыз әлемдік есепте 17-орынға тұрақтады», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button