ЖаңалықРедакция таңдауы

«Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы

Биыл мамыр айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығының жобасы іске қосылған болатын.

Жоба «бір терезе» қағи­даты бойынша әзірлен­ген және азаматтардың өті­ніш­терін қа­былдауды, өтініш­керлердің сұрақтары бойын­­ша консультациялар жүргізуді, мемлекеттік қыз­мет­тер көрсетуді бір алаңға шоғырландырудың көрінісі болып саналады. Жоба арқылы өңірдің әр­бір тұрғынының қызмет ре­сім­деу, өтініш тіркеу, өзін қы­зықтырған сұрақтар бойын­ша мамандардың кеңесін алу, сондай-ақ әкім­нің және жер­гілікті атқа­рушы органдардың бөлім басшыларының жеке қабыл­дауына жазылу мүмкіндігі бар.

Жоба халыққа қызмет көрсету процесін аза­мат­тар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізіледі.

Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңір­леріне ауқымды енгізу кезеңі қолға алынатын болады.

Басқа материалдар

Back to top button