Жаңалық Редакция таңдауы

Биыл елімізде 13 мектеп, 2 аурухана пайдалануға берілді

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы қаңтар-маусым аралығында 5 700 оқушыға арналған жалпы білім беретін 13 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар салынған нысандар қатарында 1 700 орындық мектепке дейінгі 15 мекеме, 230 орынға арналған 2 аурухана және бір ауысымда 290 адам қабылдайтын 3 амбулаторлық емхана бар.

Салыстырар болсақ, өткен жылғы сәйкес кезеңде 4 310 оқушыға арналған жалпы білім беретін 7 мектеп және 2 480 орындық мектепке дейінгі мекеме 16 пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау объектілері бойынша – 285 орындық  2 аурухана, сондай-ақ ауысымда 165 адам қабылдайтын 4 амбулаторлық емхана бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button