Жаңалық Редакция таңдауы

«Сары» аймаққа енген Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары

Елорданың «сары» аймаққа өтуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес, жеке тұлғаларға автовокзал, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі, жабық базар, концерт залы, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО), банк, стадион сияқты адамдар көп жиналатын орындарға, ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қала ішіндегі қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылады.

Алайда бұл талап 5 жасқа дейінгі балалар мен ересектерге тамақтану кезінде жүрмейді.

Сондай-ақ қалалық бас санитар қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясына қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жандандыру ұсынылады.

Қаулы 23 шілдеден бастап күшіне енеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button