Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы Global Data Barometer рейтингінде топ жарды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы Global Data Barometer сәйкес мемлекеттік сатып алу деректерінің қолжетімділік рейтингінде үшінші орынды иеленді (https://globaldatabarometer.org/module/procurement).

Global Data Barometer – бұл Data for Development Network (D4D.net) және ILDA бірлескен жобасы. Барометр 109 елдің денсаулық сақтау, қоршаған орта, мемлекеттік қаржы сияқты маңызды қоғамдық мәселелерге қатысты деректерді қалай шығаратынын және деректердің қоғамдық игілік үшін қалай қолданылатынын талдайды.

Жоғарыда көрсетілген талдауға сәйкес барлық елдер (109-дың 99-ы немесе 91%) сатып алу туралы деректерді жариялайды. 50 ел немесе 46% деректерді машинамен оқылатын форматта жариялайды. Барлық елдердің ішінен тек 9 ел ғана мемлекеттік сатып алудың барлық үдерісі бойынша деректерді жариялайды – жоспарлаудан бастап шарттарды орындауға дейін, олардың ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы Украина мен Парагвайдан кейін үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік сатып алу веб-порталының ашықтығы жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button