ЖаңалықРедакция таңдауы

Электрсамокаттарға қатысты жаңа шектеу енгізіледі

Қазақстанда электрсамокат тебетіндерге жас шектеуін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеді.

«Электрсамокат жүргізу үшін жүргізуші куәлігінің болуы талап етілмейді. Электрсамокатпен жолға, велосипед жолына немесе қоғамдық көлік жолағына және жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығатын жүргізушінің жасы 16-да болуы міндетті шарт болады», – деді Мұраталиев Facebook желісіндегі онлайн брифингте.

«Болашақта «Жол қозғалысы туралы» Заңда біз электросамокаттың жүргізушісі кім екенін, оның қандай құқықтары бар екенін көрсетеміз. Бұл нормалар басқа мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен талқыланатын болады. Осы стандартты қабылдау кезінде урбанистердің, блогерлердің, жұртшылықтың пікірлері ескерілді», – деп атап өтті Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, оның айтуынша, электрсамокат түнде анық көрінетіндей жарық немесе жарық шағылыстырғыш жолақтармен жабдықталуы керек.

Басқа материалдар

Back to top button