Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Әлемдегі ең бақытты 5 ел

Жыл сайын әлемде бақытты елдердің рейтингісі жасалады. Ол «World Happiness Report» деп аталады. Осы рейтингтің 2022 жылғы нәтижесі қалай болғандығын сіздермен бөліспекпіз.

Рейтинг қалай жасалады, нені ескереді, қандай жағдайларды басты назарда ұстайды деген сауалға келетін болсақ, олар ең алдымен мыналарға назар аударады:

  • Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі;
  • Орта есеппен алғанда тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы;
  • Әлеуметтік қолдау шаралары;
  • Жемқорлық деңгейі;
  • Билікке қаншалықты сенеді;
  • Мемлекетті басқару істері мен қайырымдылыққа тұрғындар қаншалықты қатысады.

Бақытты елдер рейтингінің жүргізіліп келе жатқанына он жылдан артық уақыт өткен. Жоба 2012 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының бақыт жөніндегі конференциясына арнап ақпарат жинаудан басталған. Сол жылдан бастап дәстүрлі түрде жыл сайын жүргізіліп, оны Колумбия университетінің Жер институты іске асырады. Рейтинг әлеуметтік сауалнамалар нәтижесінде жасалады. Сауаланаманы Gallup International Зерттеу орталығы жүргізеді.

Бұл зерттеудің мақсаты — мемлекет басшылары мен қоғамдық ұйымдарды әр ел тұрғындарының жай-күйі қандай екенін, билігіне көзқарасына қандай екенінен хабардар ету.

Дүниежүзілік сауалнама нәтижесіне сәйкес, әлемдегі ең бақыттың елдің бестігі мынадай: Финляндия, Дания, Исландия, Швейцария және Нидерланды. Бірінші орында Финляндия осымен бесінші жыл қатарынан екен. Бұдан бөлек, Люксембург, Израиль, Жаңа Зеландия да үздіктер қатарында. Жалпы алғанда 2022 жылғы рейтингке 146 мемлекет кірген. Ал Қазақстан бұл тізімде 40-орында. Бақытты елдер рейтингінде соңғы орында – Ауғанстан Ислам Әмірлігі.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button