Жаңалық Редакция таңдауы

Биылғы жылы Қазақстанда туристер саны айтарлықтай артты

Қазақстанға апта сайын кемінде 11 мың шетелдік турист келеді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен отандық туристер саны 21,5% (1,13 млн адамға дейін) өсті.

«Орналастыру нысандары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 25,7% артық», – дейді ведомство.

Ведомствоның мәліметінше, Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 550 мың адам келген. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2 есеге жуық көп. Жазғы маусымда Шымбұлаққа 240 мыңға жуық адам келді. Бұл өткен жазғы маусыммен салыстырғанда 90 мыңға жуық адамға артық.

Биыл ұлттық саябақтарға 2 миллионға жуық адам келеді деп болжанып отыр.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2021 жылғы әлемдік туристік рейтингінде Қазақстан позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66-орынға ие болды (2019 жылы – 140 елдің ішінде 80-орын).

Еліміз «Баға бәсекесіне қабілеттігі» (1-орын), «Туризм маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра нысандарының саны» (42-орын) сияқты көрсеткіштер бойынша жоғары бағаланды.

2021 жылы Қазақстанда отандық туристердің рекордтық саны – 7 миллионға жуық адам болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button