Жаңалық Редакция таңдауы

Елордада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» велотрегінде ерлер, әйелдер,  жастар мен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасы чемпионаты бастау алды.

Чемпионатқа Қазақстанның 16 облысынан келген 170-тен астам велошабандоздар темптік,  спринттік және спринттік омниум түрлері бойынша бақтарын сынайтын болады. Нұр-Сұлтан қаласы атынан ұлттық құраманың үздік 36  спортшысы қатысып жатыр.

Жарыстың басталу уақыты күн сайын сағат 10:00-ден. Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты 30 шілдеге дейін жалғасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button