Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда қандай смартфон көп сатылады?

Ағымдағы жылдың маусым айында StatCounter деректері бойынша Samsung дүниежүзілік ұялы телефон жеткізушілер нарығының 28,24%-ын алып, әлемдегі ең танымал смартфон бренді болды.

Apple (27,22%) мен Xiaomi (13,05%) екінші және үшінші орында. Үздік бес брендтің қатарына Huawei мен Oppo да кірді.

Қазақстандық нарықтағы ең танымал бестікте осы брендтер. Нақтырақ айтқанда, Samsung нарықтың 35,68%, Apple – 25,37%, Xiaomi – 18,64%, Oppo – 7,54%, Huawei – 5,73% алады.

International Data Corporation (IDC) мәліметтері бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында әлемде 314,4 миллион смартфон сатылған, бұл бір жыл бұрынғыдан көрсеткіштен 8,8%-ға аз.

Биыл Samsung сатылымы бір жыл бұрынғы деңгейде қалды: бірінші тоқсанда 74,5 миллион смартфон сатылған. Apple сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға өсіп, 56,5 миллион смартфонға жетті. Бұл ретте Xiaomi сатылымы 17,9%-ға, 39,9 млн смартфонға, Oppo – 26,9%-ға, 27,4 млн смартфонға дейін төмендеді.

Қазақстанда 2022 жылдың маусым айындағы қорытынды бойынша бір жыл ішінде смартфондардың құны 3,1%-ға қымбаттаған.

Смартфон құны әсіресе Ақтөбе облысында бірден 21,5%-ға өскен. Бағаның көтерілуі бойынша үздік үштікте Алматы (+6,3%) және Алматы облысы (+5,6%) бар.

Ал, ұялы телефондар бағасы қымбаттамаған аймақтар қатарында Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары. Бұл өңірлерде баға тек 0,4%-ға қымбаттаған.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында (2,9%), Қарағанды ​​облысында (3,5%) және Шымкентте (2,3%) смартфон бағасының сәл төмендеуі байқалған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button