ЖаңалықРедакция таңдауы

Қазақстандық нуар жанрында түсірілген фильм халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысады

Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» атты жаңа көркем фильмі 79-шы Халықаралық Венеция кинофестивалінің Orizzonti Extra («Жаңа көкжиектер») бағдарламасына қатысады. Бұл туралы Венеция биеннале көркемдік жетекшісі Альберто Барбера онлайн форматта өткен баспасөз отырысында мәлім етті.

«Голиаф» фильмінде билік пен бағыну табиғаты зерттеледі. Кек алу идеясы (бір жағынан мүмкін болмаса да) және үлкен тұлғалар мен кішкентай адамдардың арасындағы қақтығыстар туралы сюжет бұрыннан бері ойда болатын. Екі жыл ішінде сценарийді бірнеше рет өзгерте отырып, осы мәселелерді көтеруге тырыстым. Фильмде арт пен жанр арасында өзіндік шегі бар, сондықтан мұны кейбіреулер түсінбеуі мүмкін, алайда жоғары бағалайтындар болады деген сенім бар», – дейді фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Әділхан Ержанов.

«Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен, қазақстандық Short brothers және Changepoint кинокомпаниялары, сондай-ақ ресейлік All Media (a START Company) мен «Форест-Фильм» компаниялары бірлесе түсірген кинотуындының оқиғасы Қаратас ауылында өрбиді. Өзінің қаталдығымен және албырттығымен белгілі Бөлеген есімді жігіт ауыл тұрғындарын үрейде ұстайды, оларды баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етеді. Оған қарсы шыққан жандарды аяусыз жауапқа тартады. Қаратас ауылындағы қылмыс туралы полицияға жеткізбек болған Арзудың әйелі бүкіл отбасын қатерге тігеді.

Басқа материалдар

Back to top button