Жаңалық Редакция таңдауы

Мемлекеттік қызмет саласына жаңа ұғым енгізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев халыққа қызмет көрсету саласындағы жаңа заңнаманы түсіндірді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға соңғы түзетулермен «қоғамдық маңызы бар қызмет» деген жаңа ұғым енгізілді. Ол үздіксіз  жүзеге асырылатын және қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталады. Бұдан былай мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудан бөлек, Агенттік қоғамдық мониторинг арқылы азаматтарға маңызы бар қызметтерді бағалап, оларды ұсыну сапасын жақсарту бойынша белгілі бір ұсынымдар шығарады. Талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын  ұсыныстарды тұжырымдайды», – деді Дархан Жазықбаев.

Агенттік төрағасы жақын арада  қоғамдық маңызы бар қызметтердің тізімі мен оларға баға беру үшін қажетті стандарттар әзірленетінін айтты.

Талқылауда проактивті, композиттік, қысқа мерзімде және бір құжатпен көрсетілетін қызметтердің үлесі төмен екендігі айтылды.

Мемлекеттік органдардың мәліметінше, қызмет көрсетуге тартылған компьютерлік парктің 39,8 пайызы тиісті талаптарға сәйкес келмейді. Компьютерлердің шамамен 12,9 пайызы тозған.

Агенттік мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі. Олар:

– адамның қатысуынсыз цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру;

– мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін біріздендіру, сондай-ақ коллизияларды, құқықтық олқылықтарды, тым жоғары талаптарды жою;

– мерзімдерді есептеу институттарын, өкілдікті, халықаралық-құқықтық қатынастарды енгізу;

«Мемлекеттік аппараттың сервистік, клиентке бағдарланған жолға түсетін уақыты келді. Осы мәселеге Мемлекет басшысы аса мән беріп отыр. Қолданыстағы Заң көптеген, бүгін айтылғандай, жаңа құқықтық институттарды қажет етеді», – деді Агенттік төрағасы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button