Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда қанша қар барысы бар?

Алтынемел мен Сайрам-Өгемде қар барысы видеоға түсіп қалды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта мекендейтін жыртқыштар екі жерде фототұзаққа іліккен. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әлеуметтік желіде хабарлады.

Жыртқыш 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақта мекендейді. Осы жолы олар Алтын-Емел және Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде орнатылған фототұзақтарға түскен.

Аталмыш жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген.

Қар барысы 12 елде мекендейді және оның барлығында сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген түр болып танылған.

Қазір елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button