Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандықтар қайырымдылық ұйымдарына қаншалықты сенеді?

Деректер 2021 жылы жүргізілген «Қазақстан Республикасы жағдайындағы қайырымдылық жүйесі» әлеуметтанулық зерттеуінен алынды.

Шартты түрде Қазақстандағы қайырымдылық ұйымдары әлеуметтік жобаларға, оның әртүрлі санаттарындағы балаларға көмек көрсетуге, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуге, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беруді қолдауға, мұқтаж адамдарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетуге, жалғыз қалған қарт адамдарға көмек көрсетуге, жануарларға көмек көрсетуге және қайырымдылықты дамытуға байланысты бөлінеді.

Респонденттерге «Сіз қайырымдылық ұйымдарына сенесіз бе?» деген сұрақ қойылған. Қатысушылар тарапынан қайырымдылық ұйымдарына деген сенім деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген. Сонымен қатар, «иә, сенемін» – 17,0% және «сенемін деуге болады» – 30,2% жауап нұсқаларының қосындысы жартысынан шамалы ғана аз, атап айтқанда 47,2% респондент қайырымдылық ұйымдарына сенім білдіреді деп айтуға мүмкіндік береді.   2020 жылы бұл көрсеткіш 58,1% құраған. Әрбір бесінші респондент (24,8%) қайырымдылық ұйымдарына «сенбеймін деуге болады» жауабын таңдады. Сауалнамаға қатысушылардың 15,9% нақты сенімсіздік білдірді. 2020 жылдан 2021 жылы «маған бәрібір» деп жауап бергендердің саны 1% қысқарды. Алайда, қайырымдылық ұйымдарына сенетіндеріне не сенбейтіндеріне «жауап беруге қиналғандардың» үлесі шамамен 1% артқан. Сондай-ақ, қайырымдылық ұйымдарының белгілі бір бөлігіне не белгілі бір ұйымға ғана (0,3%) сенім артатыны туралы пікір пайда болған.

Ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда қайырымдылық ұйымдарына 10% көп сенім білдіреді. Ауылдық респонденттер 53,7% («иә, сенемін» – 22,8% және «сенемін деуге болады» – 30,9% нұсқаларының қосындысы) қалалық респонденттер 42,9% («иә, сенемін» – 13,2% және «сенемін деуге болады» – 29,7% нұсқаларының қосындысы) сенеді. Қайырымдылық ұйымдарына 18-28 жас аралығындағы жастардың сенім деңгейі жоғары (54,4%). Сондай-ақ 47,2% ер адам, ал 47,1% әйел, яғни тең дәрежеде сенеді. Этникалық бөлініске сәйкес қазақтар көбірек сенім артады – 51,1%. Тиісінше, дін бойынша Ислам дінін ұстанушылар арасында сенім деңгейі жоғары – 49,7%.

Өңірлік бөліністе Атырау облысының (39,5%), Шымкент қаласының (30,6%) және Түркістан облысының (29,1%) тұрғындары қайырымдылық ұйымдарына нық сенім білдіреді. 2020 жылы Қостанай облысы тұрғындарының сенім деңгейі ең жоғары (42,2%) болған екен. 2021 жылы бұл көрсеткіш нөлге дейін төмендеді, тек 3,2% «сенемін деуге болады» деп жауап берді. Қайырымдылық ұйымдарына «сенемін деуге болады» деген жауап нұсқасын Түркістан (47,3%), Батыс Қазақстан (40,9%) және Ақмола (39,2%) облыстарында жиі таңдаған. Осылайша, Түркістан облысы – еліміздің ең «сенгіш» өңірі атанды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button