Жаңалық Редакция таңдауы

Қарин: Ауыл әкімдерінің 56 пайызы жаңарды

Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды.

«Бір жыл бұрын Қазақстанда ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі жұмыс істей бастады. Өткен жылдың шілде айынан бері 1093 ауылдық елді мекеннің басшысы сайланды. Оның 215-і  өзін-өзі ұсынғандар, жаңадан сайланған жетекшілердің 116-сы  әйелдер. Айта кету керек, ауыл әкімдерінің корпусы 55,6 пайызға жаңартылды, бұл 608 жаңа ауыл басшысы», – делінген хабарламада.

Қариннің айтуынша, жаңа басшылардың көпшілігі бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Ауыл тұрғындарының,  мұғалімдер мен дәрігерлердің, кәсіпкерлер мен жергілікті кәсіпорындардың және шаруа қожалықтарының басшыларының  қолдауын алған.

«Жаңа әкімдердің басым бөлігі Маңғыстау – 77,8% (18-нің 14-і), Қарағанды ​​– 77,2% (79-дың 61-і) және Жамбыл – 71% (72-нің 51-і) облыстарында. Осы жексенбі, 31 шілдеде 27 ауылдық округте сайлау өтеді. Ал жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады», – деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Қарин 1037 ауылдық округте сайлау 2023 және 2024 жылдарға белгіленгенін және алдағы уақытта аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып жатқанын айтты.

«Жаңа конституциялық реформаға сәйкес, бүгін облыс әкімдері облыс мәслихаттары депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша тағайындалады. Осылайша, еліміздің саяси жүйесі қайта құрылуда, мемлекеттік басқаруға демократияның жаңа құралдары енгізіліп жатыр», – делінген жазбада.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button