Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандағы ең жас рекордсмен

«Қазақстанның рекордтар кітабы» айдарының бүгінгі санында 8 жастағы Мұстафа Ерғалидың орнатқан рекорды туралы бөлісеміз.

2021 жылы Қостанай қаласында 8 жастағы Мұстафа Ерғали әуесқой спорт түрі – шынтақ тіреп төрттағандап тұрудан 16 жасқа дейінгі балалар арасында әлем рекордын жаңартты. Шынтақ пен аяқ саусақтарын тіреп, төрттағандап 1 сағат 2 минут бойы денесін еденге параллель ұстап тұрды.

Спортшылар тілінде клас­­­­сикалық планка ұстау деп аталатын спорттың бұл тү­рі бойынша 16 жасқа де­йінгі жасөспірімдер ара­сын­­­дағы ең жоғары әлемдік көр­сеткіш бұған дейін 1 са­ғат 2 секунд болған екен.

Бір мезетте Мұстафа екі рекорд орнатқан. Біріншісі – қазақстандық ең үздік нәтижені жаңартса, кейінгісі – ең жас әуесқой спортшы ретінде есімін КИнЭС-тің рекордтар кітабына енгізді.

Ал планкада тұрудан Гиннестің рекордтар кітабына Ингушетиялық мектеп оқушысы Абдул-Рахим Гетагазов енген. Оның рекорды 11 сағат 11 минут.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button