ЖаңалықРедакция таңдауы

Туристер арасында танымал қосымшалар қандай?

Мобильді қосымшаларға анализ жүргізетін Apptopia.com сервисі 2021 жылы туристер арасында танымал болған қосымшалардың үздік ондығын жариялады. Әлемдік рейтинг смартфонға саяхаттауға көмекші қосымшаларды жүктеу деректері бойынша құрастырылған.

2021 жылы саяхатшылар жиі жүктеген сервис түрі – Google Maps. Миллиондаған туристер мұны дүкендер мен мейрамханаларды іздеуге, жол жүру кезінде бағдарлаушы ретінде пайдаланады. Оны 106 миллион рет жүктеген. Екінші кезекте Uber (94 миллион жүктеу) және үшінші орында Booking.com – 63 миллион рет жүктелген.

2021 жылы саяхаттау үшін ең көп жүктелген қосымшалардың үздік ондығы:

  1. Google Maps (106 миллион)
  2. Uber (94 миллион)
  3. Booking.com (63 миллион)
  4. Google Earth (57 миллион)
  5. Airbnb (44 миллион)
  6. DiDi (27 миллион)
  7. Bolt (25 миллион)
  8. Lyft (23,3 миллион)
  9. Where is my Train (23,1 миллион)
  10. Grab (23 миллион)

Басқа материалдар

Back to top button