Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Аты аңызға айналған десерт

Baskin Robbins балмұздағы - әлем бойынша ересектер мен балалар ұнататын аңызға айналған десерт бренді.

Тәтті империясының негізін салушылар екі немере ағайынды – Ирвин Роббинс және Бертон Баскин. Мұның бәрі Ирвин Роббинстің бала кезінде әкесінің дәмханасында қосымша жұмыс істеуінен басталған екен. Бала кезінен Ирвин әкесіне көмектескенді ұнатқан, оған кафедегі атмосфера ұнап, қызығып жұмыс істейтін болған.

Ирвин университетті бітіргеннен кейін әскерге кетеді. Қызметті бітірген соң, жас жігіт не істеу керек, қалай күн көремін деп көп ойланған. Бала кезінде әкесімен бірге жұмыс істегенді және балмұздақ сатуды жақсы көретінін есіне алып, қолындағы бар ақшасымен алғашқы балмұздақ дүкенін ашқан.

Ирвин ақша табудың бірден-бір жолы бірнеше сауда нүктелерінің болуы екенін түсініп, үй-жайларды жалға алып, бірінен соң бірі дүкен аша бастайды.

Бірінші дүкен 1945 жылы ашылып, «Снегир» («Қарлы балмұздақ») деп аталды. Дүкеннің бәсекелестерінен ерекшелігі – арнайы рецепт бойынша және тек табиғи қоспалардан жасалған балмұздақтың 21 түрін келушілерге ұсынған. Ол кезде дүкендерде сатылатын балмұздақ сапалы емес еді, жаппай шығарылатын. Бірақ Роббинс балмұздағына тұтынушылар тез арада ғашық болды.

Бизнесі өрге бастаған кезде Ирвин немере ағасы Бартон Баскинді өзінің бизнесіне қосылуға көндіреді. Алдымен Ирвин мен Бартон бір-бірінен бөлек жұмыс істеді. Кейін ағайындылар бірігіп балмұздақ шығаратын зауыт ашып, оны тек өз мекемелерінде сатады. 1948 жылы Роббинс пен Баскиннің барлығы алты сауда нүктесі болды.

Өнімдерге сұраныс жоғары болғандықтан, дүкендер саны жылдан жылға артты. Осылайша, 1949 жылы ағайындылардың 40 балмұздақ сататын орындары болды. Кейінірек 1953 жылы Роббинстің «Snowbird» және Баскиннің «Burtons» біріктірілді.

1953 жылы Baskin-Robbins бренді құрылды. Сол кезде Америкадағы үлкен жарнама агенттігі ағайындыларға олардың есімдерін бренд атауына қосу керек деп кеңес береді. Ал 70-жылдары бренд халықаралық нарыққа шықты.

Бүгінгі таңда әлемде 8 000-нан астам Baskin Robbins мекемесі бар, олардың барлығы серіктестеріне тиесілі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button