Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша 96 елдің ішінде 58-орында тұр

Finprom.kz сайтының дерегі бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі рекордтық 74 миллиард теңгені құрады.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Денсаулық сақтау деңгейі бойынша Numbeo рейтингіне сәйкес 96 елдің ішінен 58-ші орынды иеленді. Қазақстанның денсаулық сақтау индексі (Health Care Index) 59,89 құрады. Ескерту: индекс неғұрлым жоғары болса, денсаулық сақтау соғұрлым жақсы болады.

Денсаулық сақтау индексі – бұл денсаулық сақтау жүйесінің,  медицина қызметкерлерінің, жабдықтар мен шығындарының жалпы сапасын бағалау. Ол Numbeo веб-сайтына кірушілердің сауалнамалары негізінде жасалады. Ағымдағы индексті құру үшін (ол әрдайым жаңартылып отырады) соңғы 36 айдағы деректерді пайдаланады. Жартыжылдық индекс жылына екі рет түзетіледі.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 86,04 индексімен Тайвань (ҚХР) көш бастап тұр. Денсаулық сақтаудың үздік индексі бар үш елдің қатарына Оңтүстік Корея мен Жапония да кірді: сәйкесінше 83,04 және 80,52. Денсаулық сақтаудың ең нашар индексі — Мальтада: 38,24. Одан кейін Венесуэла (39,15) және Бангладеш (41,74).

ЕАЭО елдері бойынша жағдай мынадай: Ресей 59,86 индексімен 59-орынды, Армения — 55,74 индексімен 72-орынды, ал Беларусь соңынан бастап 46,14 индексімен 92 — орынды иеленді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button