Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте орнын жаңартты

Finprom сайтында жарияланған мәлімет бойынша Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлем елдері рейтингінде 6 сатыға көтерілді.

«Елдегі интернет жылдамдығы бір жылдың ішінде 22% артты. Speedtest Global Index сүйенсек, 2022 жылғы маусымда мобильді интернет жылдамдығының рейтингінде Қазақстан 6 саты көтерілді. Яғни, бір айда мобильді интернеттіңжылдамдығы 20,56 Мб/с-тан 22,53 Мб/с-қа дейін ұлғайды. Осылайша Қазақстан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь елдерінен айтарлықтай алда тұр», -деп жазылған сараптамада.

Ал әлем бойынша интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы елдер Норвегия, БАӘ, Болгария, Оңтүстік Корея және Катар болып отыр.

«Бұл ретте елімізде мобильді интернеттің жылдамдығы интернет-трафикті тұтынудың ұлғаюымен қатар өсіп келе жатқанын атап өткен жөн.

Интернеттің дамуына ел аумағы айтарлықтай әсер етеді. Ол неғұрлым үлкен болса, кабельдік сымдарды жаңарту соғұрлым қымбатқа түседі. Тиісінше, Қазақстанда интернетке қосылу өте қымбат процедура. Одан бөлек интернет трафик те импорттық өнім болғандықтан баға қымбат болып тұр. Өйткен оны доллармен сатып алып отырмыз.

Жалпы, 2021 жылы байланыс секторына 128,6 млрд теңге инвестиция салынды», – деп жазады Finprom.kz.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button