Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда білім беру саласындағы гендерлік теңдік жақсарды

Биыл Қазақстан білім беру саласындағы гендерлік алшақтықты еңсеріп, гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша айтарлықтай нәтиже көрсетті.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаңа есебінде Қазақстан соңғы 10 жылдың ішінде тұңғыш рет оң динамиканы көрсете отырып, Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде (Global Gender Gap Index) 80-нен 65-орынға көтерілді. Елімізде аталған индекстің барлық көрсеткіштері жақсарды.

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы Қазақстанның гендерлік алшақтықты азайту жолында қол жеткізген жетістіктерін құптайды. Қазақстан Үкіметі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, азаматтық сектормен және басқа да серіктестермен бірлесе отырып, гендерлік алшақтықты жою бойынша күш-жігер өз жемісін беруде. Қазақстандықтарды бұл жетістіктермен, соның ішінде білім беру деңгейі саласындағы гендерлік теңдікке қол жеткізгеніне құттықтаймын«, – деді Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценко.

Гендерлік алшақтықтың жаһандық индексін Дүниежүзілік экономикалық форум ұйымы дайындайды, ол жыл сайын білім деңгейі, денсаулық пен өміршеңдік, экономикаға қатысу және экономикалық мүмкіндіктер, саяси құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту – төрт басты көрсеткіш негізінде гендерлік теңдік саласындағы елдердің прогресі туралы есеп жариялайды.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button