«Рухани жаңғыру» аймақтардаЖаңалық

Ата-баба рухына тағзым

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Баянауыл жеріндегі  қасиетті Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне өңірдің бір топ жастары зиярат етіп барды. Шараны балалар жылына орай «Болашақ ұрпақ» Жастар қоғамдық қоры ұйымдастырды. Топ құрамына аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқу озаттары іріктеліп алынды.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі – көпшіліктің жиі баратын, тағзым ететін киелі орны. Кесене Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылынан 15 шақырым жерде Ескелді қыратында орналасқан. Сапардың мақсаты – қасиетті, киелі орынға саяхат жасау, бабалар рухына тағзым ету болды. Сонымен қатар жастардың рухани-адамгершілік, патриоттық сезімдерін және танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталды. Сапар барысында атақты ақын, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жайында мағлұмат берілді.

Кесенеден шыққаннан кейін жастар Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеев ескерткішін де көріп қайтты.

Басқа материалдар

Back to top button