Жаңалық Редакция таңдауы

Дзюдодан Азия чемпионатындағы қорытынды қандай?

Қазақстандық дзюдошылар елордада 7 тамыз аяқталған Азия чемпионатында жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Ұлттық құрама сапында Данияр Шамшаев (73 келі) алтын алды. Ал Ислам Бозбаев (100 келі) пен Абиба Абужақынова (48 келі) күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ Нұрлыхан Шархан (100 келі), Дидар Хамза (90 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль алды.

Жалпыкомандалық есепте Жапония, одан кейінгі орынға Моңғолия жайғасты. Олардың қатарына аталған құрамалардан өзге Оңтүстік Корея, Қытай, Тәжікстан, Тайвань, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірлігі спортшылары енді.

Аталған додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынады. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан сынға түсті.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button