Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан Гиннестің рекордтар кітабына алғаш не үшін енді?

Гиннестің рекордтар кіта­бы алғаш рет 1955 жылы ирландиялық сыра қай­на­тушы «Гин­несс» компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырысы бойынша жарық көргендігін барлығымыз білеміз, бірақ та Қазақстан осы кітапта алғаш қандай жағдаймен тіркелгендігін біріміз білсек біріміз білмейміз.

Қазақстан ең алғаш рет Гиннес рекордтар кітабына «теңізге шығар жолы жоқ құрлықтағы ең үлкен мемлекет» ретінде енді.

Одан кейінгі екі мемлекет, Өзбекстан мен Лихтенштейн, мұхиттарға шыға алмайтын шекаралас елдер. Орталық Азия – мұхитқа шыға алмайтын мемлекеттерден тұратын әлемдегі жалғыз аймақ.

Егер ел жан-жағынан бір немесе бірнеше басқа мемлекеттермен қоршалған болса және сондықтан теңіздерге/мұхиттарға шығуды қамтамасыз ететін жағалау сызығына тікелей шығу мүмкіндігі болмаса, ол теңізге шыға алмайтын болып саналады. Бүгінде мұндай 49 ел бар, оның бесеуі ішінара мойындалған, сондықтан олар әдетте есепке алынбайды. Осылайша, бүгінде жер шарында теңізге шыға алмайтын 44 мемлекет бар.

Оңтүстік Американың (Боливия және Парагвай) екі елін қоспағанда, теңізге шыға алмайтын қалған елдер Африкада (16), Еуропада (14) және Азияда (12) орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button