Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда қанша Абай бар?

Бүгін, Абай күні қарсанында Ұлттық статистика бюросының ресми сайты арқылы елімізде қанша Абай есімді азамат барын анықтадық. Қызықты ақпаратты сіздермен бөлісуді жөн көрдік.

Бала дүниеге келсе, бұл қазақ үшін үлкен қуаныш. Өмірге жаңа келген бөпеге ат қою өте маңызды міндет. Халқымыз кісі есімін әртүрлі себептерге байланысты қоятын болған. Сыртқы келбетіндегі ерекшеліктерге қарап, көздің, шаштың, терінің түсіне байланысты, баланың дүниеге келген уақытына қарап немесе атақты адамдардың атын берген.

Мысалы, дәл қазіргі уақытта елімізде Абай атамызбен аттас 18273 адам бар екен. Оның ішінде:

1 жаста – 397

2 жаста – 415

3 жаста – 214

4 жаста – 220

5 жаста – 198

6 жаста – 192

7 жаста – 194

8 жаста – 197

9 жаста – 220

10 жаста – 167 бала бар екен.

Ал, ақынның шын аты Ибраһим есімді 11106 адам тіркелген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button